Сіз TikTok-ты пайдаланғанда, сіз туралы ақпарат жинаймыз. Ол қандай ақпарат екенін және оны қалай пайдаланатынымызды көрсету үшін осы бетті жасап шығардық.
Егжей-тегжейлі түсіндіру және ақпаратымызды қалай пайдаланатыныңыз туралы мысалдарды бөлісу үшін бірқатар бейне жасап қойдық. Толық ақпарат алу үшін Құпиялық саясатына қараңыз.
TikTok-ты пайдалану үшін жасыңыз кемінде 13-те болуы керек. Егер жасыңыз 18-ге толмаған болса, TikTok-ты пайдаланбас бұрын ата-анаңызбен немесе қамқоршығыңызбен сөйлесіп алуыңыз керек.
Сіз туралы мынадай ақпарат жинауымыз мүмкін
Біз жинайтын ақпарат
Деректеріңізді қалай пайдаланамыз
Сіз туралы біздегі бар ақпаратты тек заң аясында қолданамыз. Яғни сіз туралы ақпаратты қолдану үшін жарамды себебіміз болуы керек.
Заң бойынша алты жарамды себеп бар. Олардың ішіндегі TikTok-тың ең жиі қолданатын үш себебі:
TikTok қолданбасын жүктеп алғанда немесе аккаунт жасағанда, бізбен жаңа келісімшартқа отырасыз. Сол келісімшарт бойынша біз сізбен белгілі бір әрекеттерді жасауға немесе жасамауға келісеміз. Біз келіскен кейбір нәрсені жасау үшін сіз туралы ақпаратты қолдануымыз керек. Егер ақпаратыңызды пайдаланбасақ, TikTok мүмкіндіктерін толық ұсына алмаймыз. Мысалы, әр пайдаланушыға бейімдеп жасалатын «Ұсыныстар» лентасын ұсына алмаймыз.
Деректеріңіз және ұсыныстар лентасы
Сіздің деректеріңіз және Қауымдастық ережелері
Заңды мүддеге қажет болса, заң талаптары бойынша ақпаратыңызды пайдалана аламыз (негізінен, құқықтарыңызға қатысты қандай да бір теріс әсерін басып тұратын себептер үшін пайдаланамыз). Мысалы, қауымдастықтың қауіпсіздігі мен амандығын сақтау үшін ақпаратты қолдануда заңды мүдде бар. Қауымдастық ережелеріне қайшы келмейтініне көз жеткізу үшін, оған TikTok-та жасайтын нәрселеріңізді тексеру кіреді.
Егер бізге «келісім» (ол заңды рұқсаттың белгілі бір түр) берсеңіз, сіз туралы ақпаратты пайдалана аламыз. Егер келісіміңізді сұрасақ, біз:
Сіздің деректеріңіз және басқа ұйымдар
Сіз туралы ақпаратты басқа компаниялармен және ұйымдармен бөлісуіміз мүмкін.
Еуропадағы заңдар ақпаратыңызға қатысты құқықтар береді. Құпиялық саясатында осы құқықтарыңызды және оларды қалай қолдана алатыныңыз туралы түсіндіріп жаздық.
Ақпаратыңызды және құпиялығыңызды басқару үшін қолдануға болатын құралдар мен параметрлерді де жасап қойдық. Біз үнемі кемелденудің жолдарын қарастырып отырамыз, сондықтан бұл құралдар мен параметрлер уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. [Параметрлер және құпиялық тақтасы] («Мен» бетінде қолжетімді) бөлімін ашып және Анықтама және Қауіпсіздік орталықтары бөлімін тексеріп, жаңалықтардан хабардар болып отырыңыз.
Біздің құралдар мен параметрлер мына нәрселерді жасауға мүмкіндік береді.
Деректерді басқару
Жасөспірімдерге арналған TikTok
TikTok-ты пайдалану үшін жасыңыз кемінде 13-те болуы керек. Егер жасыңыз 18-ге толмаған болса, кейбір TikTok мүмкіндіктері сізге қолжетімді емес екенін немесе кейбір параметрлерді өзгерте алмайтыныңызды байқауыңыз мүмкін. Себебі TikTok-ты пайдаланғаннан ләззат алғаныңызды, оның қауіпсіз әрі жасыңызға сай болғанын қалаймыз.
Мысалы, егер жасыңыз 16-ға толмаса, аккаунтыңыз әдепкіде жеке аккаунт болып тұрады. 16 немесе 17 жаста болсаңыз, аккаунт параметрлерін орнату кезінде оны жеке немесе ашық аккаунт жасай аласыз. Егер таңдау жасамасаңыз, аккаунтыңыз әдепкіде жеке болады.
Аккаунтыңыз жеке болса, өзіңіз мақұлдаған адамдар ғана жаңалықтарыңызға жазыла алады, бейнелеріңізді, эфир бейнелеріңізді, сипаттамаңызды, лайктарыңызды, сондай-ақ сіз жазылған адамдар мен сізге жазылған адамдардың тізімдерін көре алады.
Аккаунтыңыз ашық болса, профиліңіз және бейнелеріңіз TikTok қолданбасындағы және одан тыс барлығына (TikTok аккаунтының бар-жоғына қарамастан) көрінеді және оны барлығы бөлісе алады және олар іздеу қозғалтқыштарында, блогтерде, әлеуметтік желілердің жазбаларында және жаңа сайттарда пайда болуы мүмкін.
Аккаунтыңыз жеке немесе ашық болса да, аты-жөніңіз, пайдаланушы атыңыз және профиль фотосуретіңіз TikTok-тағы немесе TikTok-тан тыс кез келген адамға көрініп тұрады. Аккаунт түрі қандай болса да, жазбаларыңыздың көріну мүмкіндігін жекелей шектеуіңізге болады. Ондай жағдайда жазбаларыңыз тек сіз таңдаған аудиторияға ғана көрсетіледі. Бейне параметрлерін қалай өзгерту керектігін осы жерден көре аласыз.
TikTok-ты барынша тиімді пайдалануға қажетті ақпараттың барлығын Жастар порталынан көре аласыз.
Жасы 18-ге толмаған TikTok пайдаланушысының ата-анасы болсаңыз, TikTok -ты және сіз және балаңыз қоса алатын құралдар мен басқару элементтерін (мысалы, Отбасылық параметрлер мүмкіндігі) түсіну үшін Қамқоршы нұсқаулығын қараңыз.
Осы Құпиялылыққа қатысты маңызды ақпаратта деректеріңіздің қалай қолданылатыны туралы сұрақтарыңыздың біразына жауап алдыңыз деген үміттеміз. Толық ақпарат алу үшін Анықтама орталығын, Қауіпсіздік орталығын; Ашықтық орталығын қараңыз және Құпиялылық саясатын оқып шығыңыз. Қандай да бір сұрағыңыз болса, Құпиялылық саясатындағы мәліметтердің көмегімен бізге хабарласуыңызға немесе онлайн форманы толтыруыңызға болады.